«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің елім -Қазақстан» атты интеллектуалды - танымдық ойын

10.01.2018

Тақырыбы: «Менің елім -Қазақстан»

атты интеллектуалды - танымдық ойын

 

Тәрбие жұмысындағы қамтылған бағыт: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие және Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие.

Мақсаты:  Елбасының

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға үлес қосу, тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына адал қызмет

ететін білімді де жан

- жақты патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елін-жерін мақтан етуге баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мемлекеттік рәміздер, Елбасы

фортреті «Рухани жаңғыру» кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд

- шоу, бейнероликтер.

Қолданылған құрал - жабдықтар: компьютер, презентациялар, бағалау парағы, марапаттау қағаздары;

Өткізілетін сынып: 6-7 сыныптар

Ойын барысы:

1-жүргізуші: - Қайырлы күн құрметті бүгінгі ойынның қонақтары,

ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру аясында «Елім менің -Қазақстан»  интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Еліміздің тарихы – өте тереңде жатыр. Елім, Жерім,

Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз отбасынан, өз өлкесінен басталады. Туған жеріміздің көркеюі,

рухани жаңғыруына, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге ат салысатын

жастары сендерсіңдар. Себебі елбасы «Болашақ жастардың қолында» -деп үлкен

сенім артып отыр.Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.

( «Мәңгілік ел» әні орындалып ортаға қатысушылар шығады.)

Ортаға «Туған өлке» және «Отаным» топ мүшелері шығып, арнайы дайындалған орындарына

жайғасады. Әр топ өздерін таныстырады.

Топтың аты

Топтың ұраны

1-жүргізуші: - Мінеки біз құрметті ойыншылармен таныс болдық,

ойыншыларға сәттілік тілей отырып ойынымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі дүбірлі додада жеңімпаздарды анықтап,

шын жүйрікті шабысынан танитын әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтейік.

Әділқазы алқасы:

1.      

2.    

 

3.      

 

Ойын 4 кезеңнен тұрады:

І кезең «Бәйге» сұраққа жауап беру

ІІ кезең «Тарих тоғысында» - сурет бойынша тарихи тұлғалардың есімін табу, әңгімелеу

ІІІ кезең «Тіл жүйрігі» оқушылардың үш тілді білуі бойынша сұрақтар

ІҮ кезең «Ел жаңалықтары»- жарысында елімізде болған айтулы оқиғалардың логотиптерін табу

Мінеки, құрметті ойыншылар ойынның барлық ережелерімен таныстық, ендеше іске сәт.

І кезеңді бастайық.

І кезең: « Бәйге» Құрметті ойыншылар, сіздерге

16 сұрақ қойылады, сұраққа тез арада жауап берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.

Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл толады? (26 жыл)

- Рахмет, ойынды бастайтын топқа сәттілік тілейміз!

1 топтың сүрақтары

1.       Мемлекеттік рәміздерге неше жыл толды? (25)

2.       Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (астана)

3.       Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

4.       Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ....» (ормансыз бұлбұл)

5.       Қазақстанға қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 дан астам)

6.       Өз топтарыңның атын латын әріптерімен жаз.

7.       Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

8.       Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уалиханов)

9.       Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

10.  Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

11.  Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? (қараша,1993ж.)

12.  «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)

13.  Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

14.   «Отан» сөзінің синонимы(туған жер,атамекен)

15.  Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)

16.  Абайдың туған жері (Шыңғыс тауының етегінде)

2       топ сұрақтары

1.      Қазақстан республикасының рәміздерін ата (елтаңба, ту, әнұран)

2.       Қазақстанның танымал тұлғаларын ата.(Г.Головкин т.б)

3.      Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі) 

4.       «Халық»сөзінің синонимі (ел)

5.      Мемлекеттік Гимнің авторлары кімдер? (Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

6.      Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)

7.      Өз топтарыңды латын әріпімен жаз.

8.      Көмірлі аймақты қала? (Қарағанды)

9.      Күй атасы- деп кімді айтамыз? (Құрманғазы)

10.  Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

(1995жылы, 30 тамыз)

11.  Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

12.  «Ленинградтық өрендерім» өлеңіеің авторы кім? (Жамбыл Жабаев)

13.  Қазақтың педагог –ағартушысы кім? (Ы. Алтынсарин)

14.  Қазақстан жерінің үлкендігі бойынша әлемде нешенші орында тұр?(9-орын)

15. Қазақстанның халық саны қанша? (17 млн адам)

16.  Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем елдері арасында нешенші орында? (7-орын) 

- Рахмет, құрметті сайыскерлер! Осымен бірінші

кезең аяқталды. Әділқазы алқасы әр топқа дұрыс жауаптарын атап өтсін.

(топтардың ұпай саны айтылады)

Ал біз ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.

ІІ кезең:

«Тарих толқынында» Ойын ережесі бойынша әр топқа 4-суреттен беріледі.   

 (топтарға дайындалуға уақыт беріледі)

1топқа:

(Абылай хан, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов)

_________________

 

_______________

 

 

 

 

 

_______________

 

 

 

 

 

_______________

2топқа:

(Әбілқайыр хан, Құрманғазы, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Жансүгіров)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_______________

 

 

 

_______________

 

 

 

_______________


Оқушылар екінші кезең бойынша жұмыстарын ұсынады.

ІІІ кезең «Тіл жүйрігі». Бұл кезеңде

ұпай санын таңдайды. Сұраққа ұш тілде дұрыс жауап

берген жағдайда, топқа таңдаған ұпай саны беріледі.

 

1

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

2

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

3

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

 

1-қатардағы «10 ұпай»

-  Отан-родина- homeland

1-қатардағы «20 ұпай» -

Отбасы-семья- family

1-қатардағы «30 ұпай» - мемлекет- 

государство- state

 

           2-қатардағы «10 ұпай» -жалау-флаг-  flag

2-қатардағы «20 ұпай» -елбасы

-президент- President

2-қатардағы «30 ұпай» -халық-народ- people

 

3-қатардағы «10 ұпай»-  мектеп-школа-

school

3-қатардағы «20 ұпай» - табиғат-природа- nature

3-қатардағы «30 ұпай» -

балалар-дети- children

ІҮ кезең «Ел жаңалықтары» бұл кезеңде экранда көрсетілген суреттерге сәйкестендіру жауаптары арқылы дұрыс

жауапты табады.

 

 

 

 

 

 

Сұрақ: Бұл

қандай айтулы оқиғаның  эмблемасы?

А. ҚР

қарулы күшеріне ......жыл

Б. ҚР

мемелкеттік рәміздеріне .......жыл

В. ҚР

тәуелсіздігіне......жыл

 

 

Сұрақ: Бұл

қандай айтулы оқиғаның  эмблемасы?

А.

бүкіләлемдік 28 қысқы универсиада

Б.

ЭКСПО-2017 көрмесі

В. 2011

жылғы Азияда ойындары

Сұрақ: Бұл

қыран бүркіт қайда бейнеленген?

А.

«Болашаққа бағдар: Рухан жаңғыру» бағдарламасында

Б.

Мемлекеттік жалауда

В.

Қазақстан қарулы күштерінің төсбелгісінде

 

Сұрақ: Бұл

қандай айтулы оқиғаның  эмблемасы?

А. ҚР

тәуелсіздігіне......жыл

Б.

Қазақстан халықтары ассамблеясы....жыл

В. Ұлы

Жеңіске ..... жыл

 

Жүргізуші:- бүгінгі дүбірлі додадан оза шапқан жүйріктерді

анықтайтын сәт те келіп жетті. Ендеше  сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Марапаттау рәсімі

Жүргізуші: -

Осымен «Менің елім -Қазақстан»  атты интеллектуалды - танымдық ойынымыз өз мәресіне

жетті. Бүгінгі ойын ел тарихын тағы да бір тереңнен ұғынуға, жастардың бойында

Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін арттыруға зор үлесін қосты

деп ойлаймыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Рухани жаңғыру, даму

жолындағы  еліміздің қадамы сәтті болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

Просмотров: 2341

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст