«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Квиллинг техникасымен «Құттықтау ашықхат» жасау

24.01.2018

Өткізген сабақты талдау

Сыныбы: 4 «б» сынып Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Квиллинг техникасымен«Құттықтауашықхат» жасау

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену;

Дамытушылық мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: құттықтау ашықхат жасау арқылы оқушылардың бойына ананы сыйлау, құрметтеуге тәрбиелеу, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ қалай өтті: Оқушылар мұғаліммен қонақтармен амандасты «Шаттық шеңбергінде» тұрып еңбек туралы  психологиялық дайындық жасады, оқушыларға мұғалім бүгінгі сабақтарына сәттілік тіледі.Жұмбақ сұрақтарға жауап бере отырып сабаққа қажетті құралдарды дайындады.

Жаңа сабақ барысында  тақырып бойынша мәлімет берілді. Тақырыптағы ашықхаты кімге жасаймыз деген сұраты  код кестесі арқылы  шешу оқушылардың қызықтыра түсті. Ана ,сыйлық тақырып бойынша қысқаша түсінік берілді.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсірдік.

Практикалық  жұмыс. Барысында слайд үлгілермен танысып, квиллинг

техникасы бойынша жұмыс жасалды үлгілері көрсетіліп, сол үлгілер бойынша жұмыс жасалды.

 Сабақ барысында оқушыларды өздігінен үлгі бойынша  жұмыс жасай білуге  және тазалыққа, ұйымшылдыққа, тәрбиеленді.

Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырмасын түсіндіре отырып  берілді. 

Бағаланды.

 Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

Көздеген мақсатым.

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті, ендеше

мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Просмотров: 942

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст