Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдері
Мақсаты:1.Білімділік: көп таңбалы сандармен есептеу дағдыларын
жетілдіру, қозғалысқа берілген есептерді шығару және өлшем бірліктерге өрнектеуді меңгерту.
2.Дамытушылық: шапшаң есептеу қабілетін нығайту;
өздігінен жұмыс істеуге, зерделі болуға үйрету,пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыру,математикалық тілде сөйлеуін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік:Бірін-бірі тыңдауға,сыйлауға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: кестелер, суреттер, сызбалар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықты ояту
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,
сыйпалайды, жылытады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстап қаламын
Ізгі әрә нәзік, мейрімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
-Міне,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
I. Топқа бөліну
225*2= 380+250= 260*2=
350+100= 315*2= 300+220=
596-146 = 500+130= 285+235=
150*3= 315+315= 456+64=
90*5= 210*3= 130*4=
120+330= 600+30= 640-110=
450 630 520
Топ басшысын сайлау. Әр топқа жұмбақ есеп жасырылады. Бірінші шешкен оқушы топ басшы болып сайланады
1. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін - бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)
2.Атадан он баламыз,
Бір - бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не? (0 мен 9 арасындағы сандар)
3.12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7 - ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн)
II.Үй тапсырмасын тексеру №6 есеп
III.Мағынаны тану кезеңі:Қызығушылығын ояту №2 есеп Дұрыстығын тексеру
IV.Жаңа сабақ:Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Картамен жұмыс
Топтық жұмыс
1-қадам:№8 есеп Ш971м+54м=1025м 5600м-4800м=800м 5900м
Ш:376000км -339500км=36500км Ж:1025м -5600м=300м 6400м-5900м
Ж:36500км =500м 7010м-6400м=610м
2-қадам
№7 есеп Постер Радиустері 7см 3 мм және 2 см 5мм шеңбер сызу
Диаметрін табу 7 см 3мм*2=14см 6мм
2см 5мм*2=5см
Әр топ жазғандарын қорғайды.Қай топтың орындағаны дұрыс соны дәптерлеріңе көшіріңдер.
3-Қадам.№5 есеп.Топтық жұмыс./Өздерін өздері бағалайды/Өзіңді өзің тексер
3 топқа тапсырмалар бөлініп беріледі.
1-топ 6км90м=6090м 8м254дм2=85400см2 486с=8мин 6с 5сағ8мин=308мин
2-топ 6м2=60000см2 72сағ=3тәул. 2600г=2кг600г 52 ай=4ж.4ай
3-топ 8т2ц=8200кг 60000кг=600ц 1сағ5мин=65мин 2ай25тәул.=85тәул.
Жауабы тексеріледі.
V.Сергіту сәті.
VI.4-қадам. №4 есеп а\ ауызша талдау
Ә) постер қорғау.(әр топ бірін-бірі бағалайды)
Ш: 96км/6сағ-4км/сағ=12км/сағ
96км/12км/сағ=8сағ
Ж:8сағ
VII.5-қадам. Жұптық тапсырма .(Жұптар бірін-бірі бағалайды)
2597х32+280448/56=88112
2700+20124/387-509=2243
750+(11267+1522)/203=813
3568+(36532+860)/456=3650
800+115023/23+2600x345=901201
511785/17x29-836250/625=871707
Логикалық есептер:
VIII. Сабақты қорыту: Не білдім? Не түсіндім?
Нені ойға түйдім?
Үйге тапсырма: №6
Бағалау: Топ басшыларының бағалары.(бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттап айтып өтеді.
Сабағымды талдау
Сабағымды математика пәнінен, 4 «б» сыныпта «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу.», «Екі таңбалы сандарды бөлу және көбейту» тақырыптарына өткіздім.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылармен көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу,
екі таңбалы сандарды бөлу және көбейту, күрделі теңдеулерді шешу, өлшем бірліктерін қайталау.
Тәрбиелік: Логикалық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Дамытушылық : Жылдам есептеуге, тапқырлыққа, тазалыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақ типі : қайталау
Сабағым ұйымдастыру,психологиялық көңіл-күй, ауызша санау, негізгі, сергіту сәті , қорытындылау, бекіту бөлімдерінен тұрады.
4 «б» сыныптарда1
5 оқушы бар. Үлгерімі төмен оқушылар жоқ. Озат оқушылардың саны -2.
Сабақты жоспарлағанда оқушыларға сабақта сәттілік жағдай тұғызып ұйымдастырдым.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар сәлемдесті.
Сабағымызға мульт-кейіпкері келді. Маша мектептке барған жатыр екен.
Бірақ есептерді шығара алмайды екен, оқушылардан көмек көрсетті.
Психологиялық көңіл күйде смайлик көңіл күйлерін сұрап,
сәттілік тіледі. Әр бір дұрыс жауабына смайлик балалар алады. Сонымен балалардың көніл күйлері көтерңкі болды.
Негізгі бөлімінде Есептеп, жауаптарын сандықшаның ішінен ізде. Өрнектердің мәндерін тапты.
Оқулықпен жұмысында оқушылар есепті шығарды.
Сергіту сәті, менің ойымша өте көңілді болды. Интерактивті тақтада ұл мен қыздың билегенің
балалар қайталады. «Қызыл өрік» әні
Тақтаға орындағанда балалар белсенді қатысты. Өлшем бірліктеріне өрнектеді . Әрбір дұрыс есебіне смайлик алып отырды.
Есептерді есептегенде балалар өз бетінше жасады. Теңдеулерді шешті