«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғажайып планета.

07.02.2018

 Тақырыптық сабақ жоспары

 

Пәні: қазақ

тілі

Сынып: 5 «А»

Күні: (24.01.2018) 05.02.2018

Пән

мұғалімі: Шерияздан Рина

Сабақтың тақырыбы:

Ғажайып планета.

Оқу мақсаттары:

5.Т/А1.Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы 

тақырыпты болжау.

5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша

әңгіме құрастыру.

5.ӘТН4.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Оқушылар тірек сөздер  мен ұсынылған

иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжайды.Зат есімнің

мағыналық түрлерін бір-бірінен ажыратады. Зат есімдерді септейді. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер)

желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Жетістік критерийлері

Оқушылардың барлығы мынаны орындай

алады: тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады:зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

Оқушылардың кейбірі мынаны

орындай алады: сюжетті суретердің желісі бойынша зат есімнің

жалғауларын қолдана отырып әңгіме құрастыра алады.

Тілдік мақсат:

ғаламшар, жер шары, ғажайып, сетік жалғауы, Байқоңыр

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Қызығушылық

ты ояту

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

Ой-толғаныс

 

 

 

Кері байланыс

Үй тапсырмасы.

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу, күнделік.кз-ті

толтыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға ғаламшарлар туралы

бейнебаян көрсетіледі. Сол арқылы оқушылар бүгінгі күннің тақырыбын болжайды.

«Ғажайып» және  «ғаламшар» сөздерінің орысша, ағылщынша баламаларын және синонимдерін табамыз.

planet – планета-ғаламшар

1-топ. Ғажайып, әдемі; әсем; ғажап; тамаша; таңғажайып

2–топ.  чудесный, удивительно, волшебный, очаровательный, изумительный

3-топ.  wonderful, rare

Топтық жұмыс

1-тапсырма. Қанша ғаламшар бар?  Кім атап бере алады? Неге адамдар тек жерде ғана өмір сүреді?

2-тапсырма. Бейнебаянды тыңдай отырып әр топ зат

есімнің көптік, септік жалғаулары бар сөздерді табады.

Жұптық жұмыс.

Берілген мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді тауып, 

қандай септікте тұрғанын ажыратады.

Жер – Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар. Адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Айға табиғи серік болады. Жер Күнді айналып жүрген 9 ғаламшардың ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5-орында. Аймен бірге жерге

Күн ғаламшары да жақын орналасқан.

Атау септік. Кім? не? Жер, Күн

Ілік септік. Кімнің? Ненің? Адамзаттың

Барыс септік. Кімге? Неге? Айға

Табыс септік. Кімді? Нені? Күнді

Жатыс септік. Кімде? Неде? орында.

Шығыс септік Кімнен? Неден? Күннен

Көмектес септік? Кіммен? Немен? Аймен

Ғарышқа ұшқан қазақтар туралы бейнебаян көрсетіледі.

Жеке жұмыс. Берілген сюжетті суреттердің желісі

бойынша шағын әңгіме құрастырады.

Жеке жұмыс. «ғаламшар, қиял» сөздерін ауызша септеңде

5-тапсырма 77-бет

 

 

Қалыптастырушы бағалау

Просмотров: 2520

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст