«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін – өзі тану – Шығармашылық пен Сүйіспеншіліктің педагогикасы» декадасын 01.02.2017 – 12.02.2018ж.өткізуі бойынша есеп

12.02.2018

Макинск қаласының мектеп – лицейі» КММ

«Өзін – өзі тану – Шығармашылық пен Сүйіспеншіліктің педагогикасы»

декадасын 01.02.2017 – 12.02.2018ж.өткізуі бойынша есеп

 

Өткізуіміздің мақсаты: декада ішінде балалардың бойына мейірімділік, сүйіспеншілік, жаңашырлық т.с.с. қасиеттерді

дамыту

       Жоспар құрып, сол бойынша түгел іс – шараларды ұйымдастырып өткіздік.  1 ақпанда салтанатты сапта декаданың ашылуы туралы айтып, декаданың тақырыбымен және жоспарымен таныстырдым. Ашылуында салтанатты сапқа тұрып,С.А.Назарбаеваның  «Өмірлік жолы» туралы бейне жазбамен таныстыра отыра, әр күннің атауына байланысты берілген тапсырмаларды белсенді орындауын сұрадым.

2 ақпан – «тілек жазу» күні, 3 ақпан – «шындық күні», 5- ақпан «сыпайылық күні», 6 ақпан – күлімсіреп жүру күні, 7 ақпан «жақсылық жасау» күні, 8 ақпан «алғыс білдіру» күні, 9 ақпан «ізгілік» күні, «құшақтасу» күні.

 Алғыс айту күніне қосымша жәшік қойылды және плакат ілінді.

  Декада басталған

күннен «Мейірім төгетін ана» кітаптар көрмесі С.А. Назарбаеваның

шығармашылық жолынан кітаптар  көрмесін құрып, қосымша балаларды таныстырып

өтті.

Ақпанның 2 күні «Жас ақындар» атты ортаңғы буын оқышыларымен сайыс өтті, 1 – орында 6 А

оқушысы М.Нұрхан «Әке» атты өленінен үзінді.

«Асыл әкем, ардақты әкем,

Мен өзінді мақтан етем,

Өзіңізсіз мені адам еткен

Құрметті, асыл дана әкем

Сізсіз мені бақытты еткен,

Сізсіз маған білім берген,

Ардақты асыл әкем.»

2 орын – Жанель 6А, 3 орын Мөлдір 6Б   Ақпанның 3 күні бастауыш сынып оқушылармен «Мен өнерді сүйемін» атты өлең шумақтар сайысын Ташмагамбетова С.С. өткізді,  қатысты – 25 оқушы, оның ішінде орындарға ие болған оқушылар, Т.Мөлдір – 1 орын, Ж..Жарқынбек, Қ.Әділет,  К.Аяулым – 2 орын, Қ.Мөлдір,  Т.Айдың,

С.Томирис – 3 орын.

Ақпанның 5 күні «Кәусар бұлақ тұнығынан» табиғат туралы су бояудан салынған сурет сайысы  өткізілді, Ораңғы

буын арасында 1 – орынға ие болған оқушы М.Ризагүл, 2- орын  Б. Асем, 3- орын Б.Қуандық, К.Жансая.

 Бастауыш сыныптар арасында 1- Амрина Дильназ 4Б, Ануарбекова Дильназ 4А, Муратбеков Арсен 4Б.

2 – орынға ие болған Қусайнов Мирас 2А, Темиргалиева Мөлдір 4Б, Оразбекова Жанбота 2А. 3 – орын Дарибай Мадияр 2А, Мухамадина Адия 2 А, Бектимир Аружан 1А.

Ақпанның 6 күні, оқушыларды

тыныш әуенге бөлей отыра өз ойларынан ортаңғы буын оқушыларына «Қиялдану

ғажабы» тавқырыбында ертегілерді өз ойларынан құрастыру  ұсынылды, 15 оқушы қатысты, оқушылар әр түрлі

тақырыптарда өз ертегілерін жазып берді. 1

орын – Жанель 7А, 2 орын – Асылтас 7А, Аружан – 7Б, 3 – орын –Айгерім – 7Б.

 Бастауыш сынып

мұғалімі Тоқтамыс Манура 2А сынып оқушыларымен «Адал дос» тақырыбында сайыс

сабақ өткізді, сабақ барысында оқушылар өздері достын қанша түрі болатынын және

«адал», «амал» дос деген ұғымдарды түсіндіріп өтті. Бұл сабақта әр оқушы өз

мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты, жалпы түгел сынып белсене қатыса жақсы жұмыс

істеді. Сабақ өте жақсы өтті. 

    Жосапар бойынша Өзін – өзі тану пәні

мұғалімдері ашық сабақтарын өте қызықты өткізді. Ашық сабақтар 7А сыныппен «Отбасылық құндылықтар»  Ханаева Лаззат Кайкеновна,

Еркенова Анара Ризабековна «Өзімшілдік пен көпшілдік» 4А сыныбымен, 3Б

сыныбымен «Ұқыпты бала – әдепті бала»  тақырыбтары бойынша өткізілді. Әр мұғалім сабақтарында

топтық, жеке балалармен  әдіс –

тәсілдерді қолданды. Шығамшылық кезеңінде балалар тақырыпты өздері мағналарын

ашып жеткізе алды.

Просмотров: 511

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст