Текст
11.02.2026
Мектеп-лицейіміздің 10 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.
Айтулы мерекеге Бұланды ауданының әкімі Смайлов Ардақ Дулатұлы, Бұланды ауданы білім бөлімінің басшылары, «Аманат» партиясының төрайымы Раушан Түркіменбайқызы, тәжірибелі әрі ардақты ұстаздарымыз, құрметті қонақтар, түлектер мен бұрынғы басшылар қатысты.
Мерекелік концерт мазмұнды да әсерлі өтті. Өнер мен білім үндескен бұл кеш мектеп тарихындағы жарқын сәттердің біріне айналды.
10 жыл — аз уақыт емес. Бұл — еңбек, ізденіс, шәкірт жетістігі мен ұстаз абыройының айғағы.
Алда да биік белестер мен толағай табыстар күтіп тұр! ✨