«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әліппемен қоштасу

08.01.2026

Макинск қаласының мектеп-лицейінде 1 «Ә» сынып оқушылары үшін ерекше әрі әсерлі шара – «Әліппемен қоштасу» мерекесі өтті. Бұл күн – бүлдіршіндердің мектептегі алғашқы үлкен жетістіктерінің бірі, оқу әлеміне жасаған алғашқы маңызды қадамы.
Оқу жылының басында әріпті енді танып, буындап оқыған оқушылар бүгінгі таңда еркін оқып, өз ойларын жеткізе алатын деңгейге жетті. Әліппе – балалар үшін білімнің алғашқы кілті, оқу мен жазуға ашылған алтын қақпа болды. Осы мереке арқылы оқушылар өздерінің алған білімдерін көрсетіп, өлеңдер оқып, ән айтып, әріптер әлемімен қоштасты.
Шара барысында ата-аналар да балалардың жетістіктеріне куә болып, қуанышты сәттермен бөлісті. «Әліппемен қоштасу» – тек бір кітаппен қоштасу емес, бұл – үлкен білім жолына нық қадам басу.
Жетекшісі:Айнұр Теңелгенқызы

 
Просмотров: 57


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст