«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп- лицейі» КММ
2025-2026 оқу жылына
1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат
1 сәуірде сағат 9.00-ден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап дайындық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қабылданады.
Өтініш берген кезде құжаттар қажет:
3х4 см өлшемді баланың сандық фотосуреті;
"бала денсаулығының паспорты"медициналық анықтамасы 052-2/у. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылдан бастап "бала денсаулығы паспортын" ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
медициналық анықтама 065/у "профилактикалық егу картасы"
052-2/Е және 065/Е медициналық анықтамалар ҚР ДСМ сервисінен электронды түрде тартылады 1 сәуірге дейін медициналық тексеруден өту қажет.
Ағымдағы жылы Білім Министрлігі "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қолжетімді Мемлекеттік қызметтің бизнес-процесін жаңартты еgov.kz:
* шағын учаске бойынша мектепті автоматты түрде таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағы Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
* Сынып-жинақ автоматты түрде қалыптасады;
• білім беру ұйымымен шарт "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен танысу және Шартқа қол қою үшін СМС хабарлама келеді.
*Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде "баланың туу туралы куәлігін" талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Байланыс мәліметтері: 8(71646)42442