Текст
Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні “Ұрпақ болашағы -тәрбие мен білімде” тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібі бойынша мектептің ішкі тәртібі мен мектеп жарғысы, оқу үрдісі,оқушылардың жеткен жетістіктері, оқушылардың әлеуметтік жағдайы және тәрбие ісі бойынша атқарылған жұмыстар айтылды. Жиналыс соңында әртүрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып , талқыланды.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: Отбасы мен мектептің арасында қарым-қатынасты нығайту. «Мектеп-ата-ана-оқушы» үштігінің жұмысын арттыру.