«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беру

21.09.2020

Бұланды ауданы әкімдігінің

«Макинск қаласының мектеп – лицей» КММ

Инклюзивті білім беру

Әдістемелік кеңесінің отырысына

БАЯНДАМА

Дайындаған : Бекетаева Б.А.

«Макинск қаласының

мектеп-лицей» КММ

психологі

2019 – 2020 оқу жылы

 

Инклюзивті білім беру -  мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып - үйретудің бір формасы.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаты :  даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру.

Міндеттері

  •  сәйкес келетін деңгейінде психо - физиологиялық мүмкіндігін дамыту ;
  •  артикулярдық аппаратын, фонематикалық есту қабілетін, қолының ұсақ бұлшық еттерін, қиымыл - қозғалысын шынықтыру.

Инклюзивтік білім берудің негізгі  принциптері :

  • әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті
  • әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы
  • барлық адам бір - біріне қажет
  • барлық адам құрбы - құрдастарының қолдауымен достығын қажет етеді
  • білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады
  • жан  - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді
  • барлық бала білім алуға құқылы.

Инклюзивті білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелер :

  • оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас мәселесін жою ;
  • ақпараттың аздығы, бала құқығын  аяқасты ету даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты  дамытады ;
  • жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материа лын меңгеруде жеке тәсілдің жоқтығы, материалды - техникалық, оқу – әдіс темелік базасының әлсіздігі байқалады.

 

Инклюзивті білім беру жүйесіндегі күрделі мәселе

  •  оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас мәселесін жою.
  •  Ақпараттың аздығы, бала құқығын  аяқасты ету даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты  дамытады.
  •  Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде жеке тәсілдің жоқтығы, материалды- техникалық , оқу - әдістемелік базасының әлсіздігі байқалады.
  • Баланың мүмкіндігіне байланысты оқу материялының  қиындығы мен
    көлемін сәйкестендіру.
  • Баланың іс-әректетке кірісерде жеке ерекшеліктерін ескерту.
  • Баланың шаршағанын байқаған кезде,жұмыс түрін өзгерту керек.
  • Бір тапсырмадан артық не болмаса көлемі үлкен тапсырманы тұтас бермей, оны бөлімдерге  бөліп,әр бөлімнің орындағанын қадағалап тузетіп отыру.
  • Сабақта топтық жұмыс әдісін қолдану керек,әр бала бір жетістіккке жету үшін өз үлесін қосқаннын көріп өсуі керек.
  • Балаға мықты жақтарын көрсетуге мүмкіндік беріп ,сәттілік жағдайын жасау.
  • Үзіліссіз ұйымдастыру  белсенді демалу мен жеңіл жаттығуларды орындау  аралығында
  • Ойын әдістерін және дидактикалық ойындарды қолданып отыру керек.
  • Баланы қолдап отыра,оның өздігін және белсенділігін мадақтау.
  • Балаға қоятын талап тусінікті болу керек.
  • жақсы тәртібі үшін және оқудағы көрсеткен жетістіктері үшін мадақтап
    отыру керек.
  • Сабақ кестесі бір қалыпты болу керек,өйткені психологиялық даму
    деңгейінің кешігуіне байланысты,балалар ұмытшақ болады.
  • Гиперактивный балалардың энергиясын пайдалы қолдану  (Мысалы,
    тақтаны сүртіп,дәптерлерді жыйнауды, т.б сондай тапсырмаларды 
    орындауды сұрау)
  • Балаға мектептің тәртібіне сынып ұжымына үйренугу бейімдеуге
    көмек көрсету
Просмотров: 799


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст