«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құм қаласына саяхат»

06.01.2020

 

                                      «Құм қаласына саяхат»

 

Мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.

Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға арналған қорап,  әр түрлі ойыншықтар, түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, бетті жабуға орамал.

Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау,  түрлі-түсті құммен сурет салу. 

Іс-әрекет кезеңі

Психологтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалыс

Жайлап музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сендермен бірге бір алыс сыйқырлы бір қалаға саяхатқа барғым келеді. Бармастан бұрын шеңберге тұрып, бір-бірімізге деген күннің жылы шуағындай жылы лебізімізді білдірейік. Рахмет, сендерге балалар.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар , сендер менімен бірге сыйқырлы қалаға баратын болдыңдар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек ұшып қана бара аламыз. Олай болса кілемшеге отырып, көзімізді сыйқырлы орамалмен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарамыз. Енді орамалымызды түсіреміз. Міне, бәріміз құм қаласындамыз. Қанеки бәріміз бірге жақындап тұрайық. Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Бұл жерден құм басқан жалғыз үйді ғана көріп тұрмыз иә? Қазір сендер ең ақылды, ізденімпаз бала боласыңдар.

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан шашуға, адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Құммен ойнап болған соң  қолды жақсылып ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет. Осы ережелерді орындаймыз ба?

1.      Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдаршы. Қатты ма? Жұмсақ па?

2.      Құрғақ құм ба, сулы құм ба?

3.      Балалар қолдарыңмен құмды уыстап алыңдар да, ақырындап тырс-тырс деп жаңбырша жаудырыңдаршы.

Балалар сендер білесіңдер ме, бұл қалада құм аспаннан осылай жаңбырша жауып, қала құмның астында қалған. Олай болса балалар  құмның астында қалған жолдарды, ағаштарды, аң-құстарды т.б. іздеп тауып, қайтадан «Құм қаласын» жасайық.

Балалар олай болса, атамыздың табақтағы құмын пайдаға асыра отырып, мен сендермен «Құмда не тығылған?» ойынын ойнап жіберейін.

Ойынның шарты: Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып, қолын құмға салып, құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сипап қандай дене екенін айтады. Және көзін ашып қандай түс екенін айтады.

Балалар сендерге атамыздың сыйлаған құмымен ойын ойнаған сендерге ұнады ма?

Дұрыс балалар, енді біз атамызға сыйлық жасап берейік.

«Психогимнастикалық жаттығу» жасап жіберейік. (Жайлап музыка ойнап тұрады).

1.      Бірнеше рет иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды «қысымынан» айырылу үшін оларды айналдыра қозғаймыз.

2.      Жоғары қараймыз, «аспанға жеткізердей» қолымызды созамыз – бірінші бір қолымызбен, содан соң екінші қолымызбен, содан соң екі қолымызбен.

3.      Аз уақытқа отырамыз, көзімізді жұмып бірнеше рет дем аламыз.

4.      Орнымыздан тұрамыз. Басымызды сипалап және саусақтарымыздың басымен оның барлық ұңқыр-шұңқырларын уқалаймыз.

5.      Қолымызбен жағымызды қысамыз. Оны саусақтары-мыздың басымен уқалаймыз.

Енді кілемшемізге отырып, сиқырлы орамалымызбен бетімізді жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарып тобымызға қайта оралайық. Бетіміздегі орамалымызды ашайық. Міне балалар тобымызға да келдік.

Балалар келіседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар таң қалады.

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Орындаймыз.

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 Балалар құмның астында жатқан жолдарды, ағаштарды, аң-құстарды іздеп тауып «Құм қаласын» жасайды.

 

 

 

 Балалар қимылмен психогимнастика жасайды

 

 

 Балалар ойынның шартын тыңдайды.

Кезекпен табақтағы құмға қолын салып, ішіндегі геометриялық денелерді  сылап сипап тауып, көзін ашып түсін айтады.

 Балалардың жауаптары

 Балалар қимылмен психогимнастика жасайды.

Кілемшеге отырып, беттерін орамалдарымен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарады.

Рефлексифті-түзетушілік

Қане балалар, шеңберге тұрып, сабағымызды қортындылап жіберейік.

Бүгін біз қайда бардық?

Онда біз не істедік?

Кімді көрдік?

Ол сендерге не айтты?

Қандай сыйлық берді?

Сендер оған қандай сыйлық жасадыңдар?

Рахмет, сендерге балалар! Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар! Келесі кездескенше.

Балалар шеңберге тұрады.

 Балалардың жауаптары.

 

 

Просмотров: 635


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст