«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Емтихан алдында 11 сыныппен психологиялық тренинг.

08.08.2019

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Макинск қаласы мектеп – лицей» КММ

 

 

 

 

 

 

  Емтихан
 алдында

 

11 сыныппен психологиялық тренинг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:Ханаева Л.К., мектеп психологі

 

 

Тақырыбы: Емтихан алдында

 

ҰБТге қатысушылармен топтық психологиялық тренинг - сабақ.

Мақсаты: Емтиханға қатысу кезеңінде мінез-құлық  стратегиясы мен тактикасын даярлау..Психоэмоционалдық қобалжудан босату.

 

Әдістер: топтық  пікірлесу, ойын әдістері.

Міндеттер:

1.Стреске қарсы тұру сезімдерін көтеру;

2. Мінез-құлқындағы сенімділік дағдысын қалыптастыру;

3.Эмоционалдық-жігерлілік саласын дамыту;

4.Конструктивтік карым-қатынас дағдысына үйрету;

 

Тақырыптық жоспар

-Емтихан қатысуға қалай жақсы дайындалуға болады;

-Емтихандағы  мінез-құлық;

-Жүйке –психикасын қобалжудан босату әдістері;

 

Тақырыбы: Іштей емтиханға дайындалу.

 

1.Амандасу.

-Бүгінгі тренингтің мақсаты: ҰБТ кезеңінде  өз-өздерін бақылау ,өздеріне,өз күштеріне сенімділіктерін дамыту.

2..Топтың ережесі

Мақсаты: Тренинг бойы топтың мінез-құлық ережесі мен біркелкі жұмыс кеңістігін құрастыру.

Нұсқау. Сендер әрқайсысың хан және ханшайыммын деп ойлаңдар,ал осы бөлме сендердің хандықтарың. Бүгін осы тренингте әрқайсысымыз өз-өзімізді жақсы сезіну үшін бәрімізге арналған ереже қабылдаймыз.Ережені мен айтамын,ережені қабылдасақ қол соғамыз,ал қарсы болсақ аяқты соғу керек.

Патшалық ереже:

-Белсенділік

-Жұмысты басынан аяғына дейін істеу

-Бір-біріміздің сөзін бөлмеу

-Бағаламау

-Осында және қазір

-Көбірек қарым-қатынас жасау

-ұзақ сөйлемеу

 

3.Менен кейін қайтала.,

Мақсаты: Жетістікке жету және хабарлама беруге әсер етудің факторларын дамыту;

Нұсқау:Дөңгеленіп тұрып,көңілді музыкамен билейміз.Егер,мен қол шапалақтасам,сол жағыңдағы көршіңнің қимылын қайталайсың.

Егер бәріміз назар салып қайталасақ,онда шеңбер бойымен осы қимыл авторына қайтып оралады.

Сұрақтар:

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Кімге өз қимылы қайта оралды?

 

4.Дыбыс энергиясы

Дөнгеленіп,құшақтасып тұрып ,хи-ха-хо буындарды айту

 

5. «Жарайсың!» жаттығуы

Мақсаты: Стресс кезеңіінде өз-өзіне сенімділігін қалыптастыру

Нұсқау: Екі топқа бөліну(ішкі және сыртқы)

Әркім өзіне жұп тауып ішкі және сыртқы шеңбер құру.Ішкі топтағы бала сыртқы топтағы жұбына өз жетістігін айту,кім тыңдап тұр,әрбір жетістігін атағанда саусағын бүгіп “ал сен бұл үшін жарайсың-1”,”жарайсың -2”деп жалғастыра береді,сосын кезек ауыстырылады.

Жүргізушінің белгісі бойынша ішкі шеңбер жылжып,орнын ауыстырып ойын жалғасады.

Сұрақтар

-өзің жайлы жақсы жетістіктерді есіңе көп түсірдің бе?

-егер үлкен қателік жіберсең өзіңе не айтар едің?

-өзіне жақсы сөздер не үшін айту керек ?

-өз жұптасыңнан не үйрендің?

 

6. Хош бол, қобалжу!

Нұсқау: Біз қазір жарысамыз. Газет парағын алып өздеріңнің барлық қобалжу,жаман ойларыңның бәрін газетке жинап қатты умаждап,алысқа лақтыру

-өзіңді қалай сезінесің?

-өзіңнің қобалжуыңмен қоштастың ба?

-жаттығуға дейінгі және  кейінгі сезімдерің?

 

7. «Өмір шыңына саяхат»  психологиялық ойын.

(Қағаз бен қалам қажет)

Мақсаты: Қойылған мақсатқа жету үшін қиындықтан қорықпау. Үрейді жеңу.

Барысы: Өзіңізге тән 7 құндылықты атап жазыңыз.

  • Өмір шыңына саяхатқа шықтық, өте ұзақ жол жүріп келеміз, қарынымыз ашты, ас үшін бір құндылығымызды қиюға тура келеді. Қайсысын беретін болдыңыз соны тізімнен сызып тастаңыз.

 

  • Ары қарай шөл даламен  жүріп келеміз, шөлдедік, сусын үшін тағы бір құндылықты беру керек. Ол не? Сызып тастаңыз.

 

  • Енді келе жатсақ алдымызда мұхит, ал мұхиттан кейін өмір шыңы. Өту үшін тағы біреуімен қоштасуға тура келіп тұр. Оны да берейік.

 

  • Жол қиылсында тұрмыз, алдымызда бір топ адамдар, олардың ішінде екеуі төбелесіп жатыр. Өмірге емес өлімге. Олардың өмірі үшін бір құндылықты бересіз бе, әлде бермейсіз бе? Өздеріңіз шешіңіздер. Бересіз бе әлде жоқ па?

 

  • Жолымызды жалғастырамыз. Ну орманға келдік, ал орманда аш аңдар. Өзімізді аман сақтап қалу үшін  біз тағы біреуін беруіміз керек. Онсыз болмайды, сызайық.

 

  • Міне өмір шыңына келдік. Бір қадам басып едік, алдымыздағы жер ойылып құз пайда болды. Кім төбелескен адамдарды алып қалса  соған әлгі адам қолын созып тұр. Қиын уақытта осы сізге көмек береді.

 

  • Ал өмір шыңында сіз және сіздің бір құндылығыңыз, ол сіздің өмірлік серігіңіз, есіңізде сақтаңыз.

8. ҰБТ де қобалжудан арылу үшін ұсыныстар (Тныс алу жаттығулары, бір күн алдындағы дайындық, тест басталар алдыңдағы дайындық)

 

9. «Қолға хат» жатығуы

  Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бір бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, бір сөзден тұратын тілек жазады. «Соқыр» ойыншы сол сөзді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Өткізілген «Емтихан алдында» атты тренингтің –сабақтың ЕСЕБІ.

 

      Алдыма қойған мақсатым: емтиханға қатысу кезеңінде мінез-құлық  стратегиясы мен тактикасын даярлау..Психоэмоционалдық қобалжудан босанудың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.

 Қолданылған көрнекіліктері: Қағаздар, қалам.

Тренингтің барысында  амандасу кезенімен бастадым, онда балалар араласып шеңберге тұрады да бір –біріне жымия қарайды.  

Бұндағы мақсатым: қатысушылардыңүрей деңгейлерін төмендету. Келесі тренинг – ережелерін еске түсірдік

 Қатысушылардың позитивті көңіл – күйін көтеру мақсатына «мнене қайтала» биін өткізіп сезімдерімен бөлісті.

Келесі тапсырма бойынша «Дыбыс энергиясы» жаттығуын, дөнгеленіп,құшақтасып тұрып ,хи-ха-хо буындарды айту арқылы өткіздік.

 

 Стресс кезеңіінде өз-өзіне сенімділігін қалыптастыру мақсатында «Жарайсың!», « Хош бол, қобалжу! жаттығуылары өткізілді.

  Келесі «Өмір шыңына саяхат»  психологиялық ойын өткізілді, оның нәтижесі бойынша екі қасиеттен қалды, олар көмекке келетін оқушылар, кей оқушыларда үш қасиеттен қалды олар көмекке келмейтін оқушыларда. Жалпы бойындағы жақсы қасиеттерің ойланып –ойланып берді.

   

 ҰБТ де қобалжудан арылу үшін ұсыныстар мен тьаныстыра отыра емтиханға бір күн қалғандағы өткізу күннің ережесімен таныстырдым. (Тыныс алу жаттығулары, бір күн алдындағы дайындық, тест басталар алдыңдағы дайындық)

Соңғы «қолға хат» жаттығуын орындадық

Просмотров: 5167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст