«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің «ашық есік» күніне орай өткізілген сабақтарының рефлексивті есебі

09.01.2017

Деңгейлік курстан өткен

мұғалімдердің «ашық есік» күніне орай өткізілген сабақтарының рефлексивті есебі

Мұғалім: Абужусипов Ж.О.

Пән: География.

Менің «ашық есік» күніне орай сабақ өткізуге мүмкіндік алған сыныбым 8 а сыныбы болды.

Өйткені ашық есік күніне сол 8 а сыныбы сәйкес келді. Бұл сыныппен  14-желтоқсан күні «Қазақстанның ішкі

суларының ерекшелікте-рі. Өзендері» деген тақырыпта жеті модульге негізделген

ашық сабақ өттім.

Сабақтың мақсаты: Әрбір оқушы Қазақстан өзендерін,олардың ұзындығы мен  құятын алаптарын біледі.Оқушылар өзендердің қоректенуі жайлы біледі. Кейбір оқушылар өзен суларының шығыны жылдық ағыны,

лайлану себептерін біледі.Бұл сабақтың алдында жоспар бойынша Сарамандық жұмыс

болғандықтан бұл сабақ жаңа сабақты меңгерту болды.Екінші сабақ болғандықтан

оқушыларды сілкіп алу мақсатында капитан ойынымен сабақты бастап,сергіте отырып

үш топқа бөліп тастадым. Үй жұмысын тексеруде бөлім бойынша тест алумен

жалғастырдым.Жауаптарын бір-бірімен алмасып интерактивті тақтаға шығарып қойған

жауаппен тексерді. Жаңа сабақты өзім түсіндіріп, электронды оқулықпенде қосып түсіндіруді жүргіздім.Өйткені бұл

сыныпта аудиалдар мен қатар визуалдар да бар.Республика аумағындағы ішкі

суларға: өзендер,көлдер, жерасты сулары, мұздықтар,бөгендер,каналдар жатады.Эл.

оқул. Өзендер, Жер асты сулары тақырыбын қосып көрсеттім.Топтарға уақыт беріп,

1,5,6 тапсырмалар бойынша жұмыс жасауын тапсырдым.Оқушылар жарыса орындап,

келесі кезеңге көштік.  Жаңа тақырыптағы 4-кестемен танысып шығуға уақыт бердім. Тапсырма үш топқа берілді 4 Өзен атаулары, жалпы ұзындықтары, Қазақстандағы ұзындығы, құятын алабын ортаға шығып

қорғайды, физика-лық картаға сол өзендерді жапсыру берілді.Мысалы: Ертіс-жалпы

ұзындығы-4248км-Қазақстандағы ұзындығы-1700км-Солтүстік мұзды мұхит алабы.

      Ары қарай оқушыларға су шығыны, жылдық ағын, өзендердің қоректенуі, лайлылығы жайында толыққанды мәлімет бердім,оқушылар маңызды мәлі-метті жаңа атаусөздерді дәптерлеріне жазып отырды. Ары қарай түсінгендер-ін пысықтау мақсатында  Әр топқа бір өзеннен бердім. Қалай қоректенетінін табады.

1-Қаратал, 2-Нұра, 3-Сағыз. Топта өзендерді қоректену түрлеріне қарай жіктеді,

лайлану себептерін талдады. Электронды оқулықтағы тестпен оқушылардың мақсатқа

жеткен жетпегенін тексердім. Тақырыпқа сай беріл-ген 15 тест сұрағына жауап берді. Бағалауды өз қолыма алдым, себебі үй жұмысын тексерудегі 10 тест, жаңа сабақты меңгергендігін тексерудегі 15 

Тест бағалау критериіне сұранып-ақ тұрды. Бағалау шкаласы:

25-3=5

25-5=4

25-7=3      Бұл сыныпта 19 оқушы бар еді, 4 оқушы белгілі себептермен сабаққа келген жоқ. 15 оқушының алтауы бес,бес оқушы төрт, қалған төрт оқушы үш алды. Үй жұмысына тақырыпта кездескен өзендерді, құятын

алаптарын кескін картаға түсіру берілді, тақырыпты мазмұндау,тақырып соңындағы

сұрақтарға дәптерге жауап жазып келу тапсырылды. Сабақ барысында тақтамен, кітаппен, дәптермен,интерактивті тақтамен, картамен, атласпен  жұмыстар жүргізілді.Топтық жұмыстар жүргізілді, оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасында диалог болды. Бұл сабағыма 9 мұғалім қатысып, сабақ талданып, анализ жасалды.

Просмотров: 614

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст