География |
8 «а» сынып |
14.12.2016. |
Сабақ тақырыбы: |
Қазақстанның ішкі суларының ерекшеліктері. Өзендері.
| |
Сабақтың мақсаты: |
Әрбір оқушы Қазақстан өзендерін,олардың ұзындығы мен құятын алаптарын біледі.Оқушылар өзендердің қоректенуі жайлы біледі. Кейбір оқушылар өзен суларының шығыны жылдық ағыны, лайлану себептерін біледі. | |
Күтілентін нәтижесі: |
Мақсатқа сай тапсырмаларды орындап, картадан көрсетеді. | |
Сабақтың көрнекі құралдары: |
ИТ, карталар,атлас,кескін карта, тірек-сызбалар, суреттер, кеспе қағаздар,электронды оқулық, интернет,оқулық. |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. 2 минут. Сыныпты топқа бөлу (капитан ойыны арқылы).
|
Берілген инструкцияны орындайды. Капитан ойыны арқылы серпіліп, топқа бөлінеді. |
Үй тапсырмасын сұрау. Тест арқылы. 8 минут.
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||
137 беттегі тестті орындауға беремін.
|
Орындап тексереді. ИТ-дан жауап парағын көрсетемін. |
Мағынаны тану: «электронды оқулық» арқылы сабақты түсіндіру. 5 минут.
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Республика аумағындағы ішкі суларға: өзендер,көлдер, жерасты сулары, мұздықтар,бөгендер,каналдар жатады.Эл. оқул. Өзендер, Жер асты сулары тақырыбын қосып көрсетемін.Топтарға уақыт беріп, 1,5,6 тапсырмалар бойынша жұмыс жасауын тапсырамын. |
Өзендер, Жер асты сулары тақырыбын тыңдайды. 1,5,6 тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды |
Топпен жұмыс «Сәйкесін тап» ойыны.
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
4-кестені түсіндіремін. Өздеріне танысып шығуға уақыт беремін. |
Тапсырма Өзен атаулары,жалпы ұзындықтары,Қазақстандағы ұзындығы, құятын алабын ортаға шығып қорғайды. Мысалы: Ертіс-жалпы ұзындығы-4248км-Қазақстандағы ұзындығы-1700км-Солтүстік мұзды мұхит алабы.
|
Өзендер |
Жалпы ұзындығы (км). |
Қазақстандағы ұзындығы (км). |
Ертіс |
4248 |
1700 |
Есіл |
2450 |
1400 |
Жайық |
2428 |
1082 |
Сырдария |
2212 |
1400 |
Тобыл |
1591 |
800 |
Іле |
1439 |
815 |
Шу |
1186 |
800 |
Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Өзеннің су шығыны-өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. м куб/секунд. Ертіс-3000м/с, Сырдария-703 м/с, Іле-480 м/с. Өзеннің бір жыл бойы аққан суы жылдық ағын д.а. Ертіс-28 млрд м куб/сек. |
Жазады дәптерлеріне. |
Өзендердің қоректену түрлері:
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Жазық жерлердегі өзендер-қар,жаңбыр суымен; Биік таулы өзендер-қар суы, жер асты суымен және мұздықтармен қоректенеді. Әр топқа бір өзеннен беремін. Қалай қоректенетінін табады. 1-Қаратал, 2-Нұра, 3-Сағыз. |
Топта өзендерді қоректену түрлеріне қарай жіктейді. Әр топ өз тапсырмасын орындайды. |
Өзендердің лайлылығы.
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Лайлылықты түсіндіремін. Орталықтағы өзендер-50-100 г/м куб. Төменгі ағысында-200 г/м куб. Батыс өзендері-500-700 г/м куб. Тау өзендері- Іле 650 г/м куб, Шу-900 г/м куб,Сырдария-1200 г/м куб. |
Дәптерлеріне жазып, салыстырады. |
Қорытындылау: |
Электронды оқулықтағы тестпен оқушылардың мақсатқа жеткен жетпегенін тексеремін. |
Бағалау: |
Бағалауды өз қолыма аламын. Үй жұмысындағы 10 тест. Бекітудегі 15 тест. Барлығы 25 тест. Бағалау шкаласы: 25-3=5 25-5=4 25-7=3 |
Рефлексия: |
Әр топтан бір оқушы мақсатқа жеттік пе талдау жасайды. |
Үй тапсырмасы: |
28 тақырыпты мазмұндау, тақырыпта кездесетін өзендерді,алаптарымен қоса кескін картаға түсіру,тақырып соңындағы сұрақтарға дәптерге жауап жазу. |