«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ТАРИХЫ

17.02.2017

АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ТАРИХЫ

Исмакова К.Р.  

«Арт-терапия» сөзі» ( art therapy – өнермен емдеу) адам өзінің психо-эмоциялық жағдайын көрсету мақсатында шығармашылық жұмыс арқылы емдеу деген мағынаны білдіреді. Арт-терапия адамның тек бір бөлігін ғана

қарастырмайды, адамды толығымен жан – жақты қарастырады. «Арт-терапия» термині

біздің мемлекетімізде пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. «Арт-терапияны»

ағылшын тілінен аударғанда «сурет салу шығармашылығымен айналысу арқылы емделу»

деген мағынаны білдіреді. Ал  арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген ғалым Адриан Хилл [1].

Өнердің адамға беретін әсерін зерттеу барлық кезеңдерде ғалымдарды

қызықтырған. Тарихи дереккөздерде ежелгі заман абыздары,  кейін дәрігерлер, философтар, педагогтар

өнерді адамның жаны мен тәнін емдеу үшін пайдаланған. Адам психикасына сурет

өнерінің, театрдың, бидің, музыканың әсер ету механизмін зерттей отырып,

ғалымдар адам ағзасының қалыптасуына сонымен қатар,  тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуында

өнердің алатын орны мен рөлін анықтауға тырысқан. Ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге

дейін  адамды емдеу құралы ретінде өнерді пайдаланған, мысалы ежелгі антикалық философтар: Аристотель, Платон, Пифагор, Сократ  өнердің адам ағзасына тигізетін

әсері мен адам әрекетінің әр түрлі көрінісінде байқалатынын айтып кеткен.

Мәселен, адам өркениетінің пайда болуынан бастап абыздар кейін дәрігерлер, философтар,

мұғалімдер адамның жаны мен тәнін емдеу үшін өнердің әр түрлерін қолданған.

Олар көркем суреттің, театрдың, іс-әрекеттердің, музыканың адам ағзасын қалпына

келтіруінде және тұлғаның рухани дүниесін қалыптастыруында  қандай рөл атқаратынын анықтауға тырысқан.

Музыканы емдік құрал ретінде пайдалану туралы ең ежелгі өсиет жазбалары Ежелгі Өсиет

кітабында жазылған. Онда Давид арфада ойнай отырып, Саулды күйгелек

депрессиядан емдеген екен. Ежелгі грек мифологиясында Аполлонның бейнесін (өнер

саруары) және оның ұлы Асклепийдің бейнесін (емдеу саруары) өнер мен

медицинаның байланыс нышаны ретінде белгілеген.

Ежелгі Грекияда сурет салу өнерін адамға әсер берудің ең тиімді әдістерінің бірі деп

қарастырған екен.  Галереяларда адамның адамгершілік қасиеттерін көрсететін мүсіндерді шығарып отырған («Милосердие», «Әділдік» және т.б.), ертеректе адамдар осындай әдемі мүсіндерге зерделеп қарай

отырып, адам өзіне ең жақсыларын сіңіреді деп есептеген[2].

Ежелгі гректер сол заманғы театрларға да ерекше мән беріп отырған, ал  алғашқы театрлар Грекияда пайда болып, Афина, Спарта және Грекияның басқа да бөліктерінде театр мемлекеттік мекеме болып

есептеліп, қазіргі шарықтау заманауи үлгісіне жетті. Олар театралды әсер беру

арқылы белгілі бір идеяларды жүзеге асырып, халықтың дүниетанымдық

көзқарасын   қалыптстыруға тырысқан. Театр көрермендерге өз идеалдарының бейнесі ретінде батырлықты, ерікті,

сенімділікті тәрбиелеу мақсатында жанды сабақтар беріп отырған. Рухани мықты

Прометей, Эдип, Антигонаның қайғылары өздеріне халықтың назарын аударта

отырып,  жанашырлық сезімді қалыптастырған.

Классикалық Грекияда музыка өнері үштік бірлік ретінде қабылданған, яғни  «музыкалық өнердің – поэзиясы, биі және музыканың өзі» деп есептеген.

Атақты Грек философтары Пифагор (б.э.д.VI ғ.),  Аристотель  (б.э.д.IV ғ.) адамның

тұла бойына музыканың тигізетін әсерінің емдік күші бар деп қарастырып кеткен.

Олар, музыка барлық Әлемде тәртіпті, соның ішінде, адам тәнінде бұзылған күйді

реттеп, жайлылық орнатады деп есептеген. Музыка және оның негізгі құраушылары

–ән мен ритм адамның көңіл-күйін өзгерте отырып, оның эмоционалды жағдайының

ауыстырып отыратындығын байқаған.

«Пифагор этикасындағы маңызды түсініктердің бірі болып «эвритмия» алынды – ол адамның

барлық өмірлік әрекеттерінің көрінісінде –ән айтуда, ой ойлауда, би билеуде,

сөз сөйлегенде, қимыл әрекетінде, туу мен қайтыс болуында, дұрыс ритмді табуға

қабілеті болып табылады. Осы табылған дұрыс ритм арқылы адам  өзін микроғарыш деп қарастыра отырып,

біріншіден, полисті гармония ритміне кіре алады, ал кейін әлемдік жалпы

ғарыштық ритмге қосыла алады деп қарастырған. Сондықтан Пифагордың кезінен

бастап, қоғамдық өмірді  музыкалық құралмен салыстыру дәстүрі пайда болған».

Б.э.д V ғ. Демокрит өз жазбаларында «белгілі бір музыкалық аспаптардың дауысы емдік әсер

береді» деп жазып кеткен, ол асқынған індетті шығару үшін  сырнайды тыңдау керек деп кеңес берген. Ал

Платонның көзқарасы бойынша бас ауруын басу үшін емдік шөптер көмектеседі және

олардың әсері ән айту мен музыка тыңдау кезінде күшейіп отырған [1].

Орта ғасырлық итальяндық, музыкалық теоретик  Дж. Царли-но

(1517 - 1590) «Сенократ» трубаның дауысымен ақылсыз адамдардың

денсаулығын қалыптастыруға болатынын, ал Талет болса өз еңбектерінде ежелгі

музыкалық аспап-  кифары мен чума ауруын емдеу жолдарын сипаттаған. Давид кифарада ойнай отырып және ән айта отырып, библиялық патша Саулға депрессиядан арылуға көмектескен екен.  

Дәрігер Асклепий музыка арқылы ұрсысқан адамдарды татуластырған, ал трубаның дауысы

арқылы әлсіз еститін адамдардың есту қабілеттерін жақсартқан. Гомердің

«Одиссея» еңбегінде жауынгерлердің жарақаттарын    лира аспабында ойнай отырып, музыка мен

әннің дауысы арқылы емдегені туралы айтылады. Ежелгі гректер мен римдіктердің

пікірі бойынша, цитрада орындалатын музыка тамақтың қорытылу үдерісіне көмектескен екен. 

Рим елінің мимлекеттік қайраткері және философы Боэций (480 - 524) «Музыкаға тәлімгерлік»

атты еңбегінде «Метимны қаласынан шыққан  Терпандр мен Арион Лесбос қаласының тұрғындарын қатты аурулардан емдегені» туралы айтылады.

Сондай-ақ, емдеу кезінде вокалотерапия да тиімді болып табылады, ән айту кезінде дауыс

ырғағы сезім мен эмоцияны жақсы білдіруге көмектеседі. Египет, Кіші Азия,

Ежелгі Грекия елдерінде біздің эрамызға дейінгі кезеңде көркем ән айту жақсы дамыған.

Грек вокал әндерінің негізгі жанры: френ (скорбидің әнұраны), пэан (қуаныштың әнұраны), дифирамб

(лирикалық, салтанатты гимн) болған. Ежелгі Грекияда вокалды  шығармаларды кифар, авлоса, лир және

арфообразды аспап – тригон аккомпанементінің астында  ақын-композиторлар орындаған. Мұнда

орындаушының сөзі адамның санасына бағытталады, ал тембр мен музыкалық қостау– тікелей сезімге бағытталады.

Музыка терапиямен байланысты Платонның да идеялары белгілі. Оның ойы бойынша, ритм мен

ладтар адамның ойына әсер бере отырып, олардың сезімтал болуына әкеледі екен.

Өнердің адамға әсер тигізуі туралы идеяны Платон мен Пифагордан кейін, өнерді

қабылдау үдерісінде адамның жан дүнисін тазалау, яғни  катарсис туралы ілімді Аристотель дамытты.   Ол тазалау (катарсис) не екенін және  субъективті күресу арқылы моральды

қағидалардың жаңаруы, соның ішінде, қоғамдық өмірде өзінің қайғысында жүрген

тұлға  өзінің даралық қасиетінен жалпыға бірдей деңгейге көтерілетіні айтады.

Белгілі дәрігер, музыкант С.В.Шушарджан музыкотерапияны қолданудың тарихи аспектісін

қарастыра отырып «Музыка қытай халқының өмірінде ажырамас құрамдас бөлігі

ретінде үлкен рөл атқарғанын» атап кеткен. Қытай өнерінде музыкалық бап

«пентатоника» деп аталған және  адам ағзасының бес мүшесіне сәйкес келетін (көкбауыр, өкпе, бауыр, жүрек және

бүйрек) табиғаттың алғашқы бес элементіне сәйкес бес үніне негізделген екен

(жер, темір, ағаш, от, су). Қытай медицинасының бір ерекшелігі адам ағзасының

әрбір мүшесіне сәйкес келетін соматопсихикалық тәсілді қолдану болып табылады.

Мысалы, бауырға сәйкес келетін эмоция – ашу-ыза. Бауырдың жұмыс жасау функциясы

өз қалпынан артып кетсе, онда адамда агрессия, ашулану, қасарушылық сияқты

көріністер байқала бастайды, ал егер бауырдың жұмыс жасау функциясы төмендеп

кетсе – қорқыныш, үрей, мазасыздық, депрессия пайда болады екен. Сондықтан

ежелгі қытай халқының түсінігі бойынша музыка (пентатоника), аталған

заңдылықтар әрекетінің нәтижесінде адам табиғатпен байланыста болып,

гармониялық күй адамға үлкен әсер мен күш береді.

Ежелгі Үндістан елінде де музыкотерапия кең таралған. Ол адамның рухани өміріне әсер

ететін әлемнің бірігуі мен ырғақ заңына негізделген. Белгілі үнді философы

Хазрат Инайят Хан әлем мен ырғақтың өзара тигізетін әсерін қарастыра

отырып,  келесіні тұжырымдаған: «Ағаштар желдің ырғағына сәйкес бұтақтары да сол ырғақпен қимылдайды, сол сияқты теңіздің дауысы, күннің күркіреуі, жұлдыздардың қимылдауы, жапырақтың түсуі,

күн мен түннің ауысуы» мұның барлығы  табиғатқа қарап тұрған адамда музыка үнін ашады.

Орта ғасыр кезеңде музыкотерапия тәжірибесі адамның эмоционалды жағдайына әр түрлі

ырғақтың, әуенның және дыбыстың  әсер тигізетін аффект теориясымен байланысты болып келетіні зерттеле бастаған.  Емделушінің темпераменті мен оның қандай да

бір музыканы таңдауы арқылы оның қарым- қатынас жасау ерекшелігін анықтаған.

ХІХ ғасырдың басында атақты француз дәрігері, психиатр Жан Этьен Доминик Эскироль

психиатрлық мекемелерге музыкотерапияны енгізе бастаған, сол кезде медицинада

музыканы пайдалану эмпирикалық сипатта айрықша белгі берді.

Музыканың адам ағзасына әсер беру механизмін ғылыми тұрғыдан зерттеу кезеңі  XVII

ғасырға сай келеді, ал эксперименталды зерттеу 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. басына сәйкес келеді. 

Ал  сурет салу шығармашылығын пайдалану

тәжірибесі бойынша алғаш рет  Еуропада ХХ

ғасырдың басында психикалық өзгерісі бар адамдарды емдеу үшін алғаш рет

пайдаланған. 1938 жылы Адриан Хилл өкпе ауруымен ауратын адамдармен жұмыс

жасауында алғаш рет арт–терапия әдісін пайдаланды. Психикалық ауру адамдардың

сана сезімін анықтауда сурет салу 

шығармашылығын пайдалана отырып, диагностика жасау мақсатында

пайдаланылды. Адамдарды емдеу үрдісінде денсаулықты қалпына келтіру мен

оңалтуды жылдамдатуда сурет салу шығармашылығын пайдалану тәжірибесі А.Хиллдың

«Ауруға қарсы бейнелеу өнері» атты кітабында сипатталған. Ол Еуропа ғылымы мен

тәжірибесіне «Арт-терапия» терминін енгізіп, оны бейнелеу өнерін қолдана

отырып, емдік әсер беретін құрал деп есептеген.

1940 жылдары АҚШ–та М.Наумбург  балалармен

психотерапиялық жұмыс жасауда сурет салу техникасын пайдаланады, сол арқылы

бала өзінің ойын, көңіл-күйін бейсаналы тұрғыдан көрсетіп отырғанын тұжырымдап

кетеді. Осы кезде арт-терапия

З.Фрейдтіңжәне К.Юнгтыңтеориялық идеяларында дами бастайды және психотерапиялық

тәжірибеде психикалық ауру адамды сурет салу, бейнелеу әрекетіне кіргізе отырып

емдік әсер беру әдісі ретінде қолданылады. Америкалық арт-терапиялық бағытта

емдеу тиімділігі дәстүрлі психоанализ идеясының көмегімен негізделеді.

З.Фрейд адам

әрекетінің ең негізгі реттеушісі ретінде сана болып табылатынын айта отырып,

сананың астында тұлғаның өміріне, денсаулығына, эмоциясына әсер беретін терең

бейсаналы әрекеттер жататынын және бұлардың барлығы жүйкелік және психикалық

аурулардың пайда болуына себепкер болатынын айтады [2].

К.Юнг

негізгі ішкі психикалық жанжалды тапқаннан кейін және оның өнер, бейнелеу

әрекеті арқылы емделуші жасырын тұрған мүмкіндіктерді аша отырып, өз бетімен

өзінің психикалық әрекетін реттей алады дейді [3].

Психоаналитикалық

және психотерапиялық тәжірибеде бейнелеу шығармашылығының мүмкіндіктері туралы

К.Юнгтың идеясын пайдалана отырып, Р.Пикфорд, М.Миленд. Д.Винникотт

арт-терапияның дамуына үлкен үлес қосты және сол кезде сурет салу өнерін

арт-терапияның негізі ретінде алды. 

Әдебиеттер

1.   Лебедева Л.Д. Практика арт-терапии:

подходы, диагностика, система занятий.- Москва, 2003. - 256 б.

2.   Фрейд

3. Психоанализ и детские неврозы. Психоаналитические этюды. — Минск, 1991. 225 б.

3.   Юнг К. Архетип и символ: [Перевод]. М.: Ренес­санс, 1991 - 297 б.

Просмотров: 2817

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст