Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : Мектеп - лицей Мерзім: 17.02.17ж № 22
Тақырып: «Денім сау болсын десең...»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Үлкенге, өзіңе, қоршаған ортаға деген құрмет.
Мұғалім: Муратбекова Б. З Сынып: 6 Б Оқушылар
саны:15
Сабақ мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру. Білімділік: оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету; Тәрбиелік: өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) Интерактивті тақта, слайд. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гул сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге, барлық адамдарға, жан – жануарлаға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1,2,3- тапсырманы орындау |
Сабақ барысын талқылау: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәйек сөз. « Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...» Әйтеке би « Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді» Т. Футлер |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Әңгімелесу (сұхбат). «Денсаулықтың он құпиясы» Деннің саулығы, жанның тазалығы,тұлғаның сымбаттылығы – адам денсаулығының белгісі. Деннің саулығы әр адамның өзіне ғана тиесілі емес, елдің байлығы болмақ. Денсаулық та ғұмыр сияқты адамға табиғаттың тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін біліп, оны жастайынан сақтаған дұрыс. Қашан да адам баласы денсаулықты сақтап , оны күшейтудің, ұзақ ғұмыр кешудің,салауаттылықтың сырын іздеген. Адамзат баласы әр кез оның сан алуан қыр – сырын тапты. Десек те, тән саулығы мен жан тазалығына жеткізетін денсаулықтың он құпиясымен өздеріңмен бөліскім келеді. Денсаулықтың бірінші құпиясы – денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл – ойымызда жатыр. Денсаулықтың екінші құпиясы – біздің тыныс алуымызда болып табылады. Денсаулықтың үшінші құпиясы – шынығу әрекеттері күш әкеледі. Денсаулықтың төртінші құпиясы – дұрыс тамақтану құпиясы. Денсаулықтың бесінші құпиясы – күлкі. Күлкі – бұл мәңгілік емші. Денсаулықтың алтыншы құпиясы – демалу күші. Денсаулықтың жетінші құпиясы – тұлғаны түзу ұстай білу күші. Денсаулықтың сегізінші құпиясы – таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес . Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы – сенім күші. Денсаулықтың оныншы құпиясы – сүйіспеншілік күші. -Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде? - Денсаулықты ақыл – оймен байланыстырудың себебі неде? - Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіңдер? - Денсаулықты сақтаудағы сенім күшінің қажеттілігі неде? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1- тапсырма: Зиянды заттарды атау. - Арақ - Көкнәр - Апиын - Бірлестірілген есірткілер - Анаша - Героин 2-тапсырма: Жағдаятты талдау: 1) Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек,тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға болады? 2) Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз? 3) Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады. Сөйтіп ол ... 3-тапсырма: Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны” мен “пайдасы” |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
« Өмір театр» көрініс Ой қозғалыс (Дұрыс па бұрыс па?) 1. Зиянды заттарды пайдалану, адам өмірін 20 жылға кемітеді. 2. Әзірге маскүнемдіктің салдарынан болған отбасының бұзылуының 94 пайызын әйелдердің айыбынан, 6 пайызы ерлердің айыбынан. 3. Арақты өз аузыма ішсем, басқаға не залалым бар. 4. Темекі сатып алғаннан гөрі, тастаған пайда. 5. Есірткі сатқан – қылмыс, бірақ басқаларға зияны жоқ. 6. Сабырлы заттар адам өмірін түп – тамырымен құртып жіберуі ықтимал. 7.Темекі тартып отырған адам жанындағы адамға қарағанда көбірек уланады. 8. Мүгедек, науқас балардың туылуының жылдан-жылға көп болуының себебі - Алланың ісі. 9. Арақ, темекі , есірткілерді пайдалану рахат өмір көрумен бірдей. Мені жалғастыр 1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ...(арыл) 2. (денсаулық)... – зор байлық. 3. (тәні) ... саудың – жаны сау. 4. (денсаулық)...- бар байлықтан қымбат. 5. Ауырып ем іздегенше, (ауырмайтын)... жол ізде. 6. Демі бардың (емі) ... бар. Сөз тізбек кезеңі: 1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану крек 2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? 3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата? 4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі. 5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? 6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі. 7. Дені сау адманың денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар? 8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе? 9. Американ ғалымы П. Брэг адмдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан?
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Үй тапсырмасы. Зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жаз. Оларды болдырмаудың жолдары ұсынылған кесте дайында. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Топпен ән айту. «Ешқашан күн сөнбесін» Күн әдемі, көк әлемі, Бұл – суреті жас баланың. Ақ қағазға салған ізі, Қалдырған бұл сөзі. Қ-сы: Ешқашанкүн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Соңғы тыныштық сәті. Балалар шеңбер құрып, көздерін жұмады. Мұғалім жайлы музыка қойып,оқушыларға жер бетінде қалықтап ұшып жүрген бақыт құсын көз алдарына елестетуді ұсынады. Ол құс жаныңда жүрген адамдардың бойындағы бауырмалдылық, жақсылық, мейірім, ізгілік сияқты жақсы қасиеттерді көріп, бағалай білуге үйретеді екен. Мұғалім оқушыларға бақыт құсының әрқайсысына келіп қонғандығын айтады. Содан кейін мұғалім музыканың үнін бәсеңдетіп, балалар көздерін ашып, бір – біріне қарап, естеріне түскен жақсылықты сыныптастарының есімін айтпастан, әңгімелейді. Қалған оқушылар бұл мадақтаудың кімнің атына айтылып жатқандығын табуы тиіс. |
|