«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Атом ХХ-шы ғасырдың қасіреті »

15.03.2017

Сабақтың тақырыбы:«Атом ХХ-шы ғасырдың қасіреті»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық қарудың адамдарға

тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.Өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Тәрбиелік:Елін, жерін, сүюге, аялауға, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,бейнеролик.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

а) Оқушылармен, қонақтармен амандасу

б) Оқушыларды түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ

 Қазақстан Республикасының әнұранымен басталады.

Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Семей тарих таңбасы қалған қалаларға жатады – Ол әдебиет, өнер мен ғылым қайраткерлерінің тұған жері болып табылады. Бұл ұлы ақын, Қазақстанның ұлттық мақтанышы Абай Құнанбаев, көрнекті философ Шәкәрім

Құдайбердиев, әлемдік әдебиеттің корифейі Мұхтар Әуезов, халық әншісі Бибигүл Төлегенова және т. б. туған жер.

Атом бомбасы адамзатқа келер қайғы мен

қасірет. 1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 7 - 00 де алғашқы атом бомбасы

күші 20 килотонна осы полигонда сыналды. Бұл Семей облысының Солтүстік

Батыс аумағында

Дегелен жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылданды. Семей ядролық сынақ полигоны ядролық сынақ жасайтын әлемдегі ірі полигондардың бірі болған.

1949 бен 1962 жылдар арасында онда 30 жер беті сынағы жасалды және 88 ядролық қондырғы ауада сыналды, олардың арасында бірінші термоядролық қондырғы (1953 жылы 12 тамызда) мен алғашқы сутегі бомбасы (1955

жылы 22 қарашада) бар, 6 қондырғы үлкен биіктікте, ғарышта сыналды. Жер

бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340 - тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалды.

Сондай – ақ полигонды, Семей - 21 деп аталған. Оған аса дарынды, ғалым, физик атом сынағына үлес

қосқан Сергей Курчатов 1974ж жасырын қалаға Курчатов есімі берілді.

1963 жылға дейін атом бомбалары жер бетінде және ашық ауада сыналды.

Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың 15 

қаңтарында жер асты жарылысы болды. Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда болды.

Ал Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан

жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық

«Невада - Семей» қозғалысы пайда болды.


Ол Семей ядролық полигонындағы сынаққа жаппай наразылық білдірді. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11 - ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19 - шы қазанда

болды.

1991 жылы 29 тамызда полигон ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен жабылды.

Бейнероликтер көрсету.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқасы саясаты мен көргенділігініңарасында біз,қазақ елі-егемнді елміз, «ядролық қаруға » тыйым салған елміз,бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп жатқан елміз.Енді ешқашан

асапнымызды қай,ы бұлты толамасын!

Еліміз-тыныш,жеріміз-бай болсын!Жасасын тәуелсіз қазақ елі!

Просмотров: 1490

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст