«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

28.03.2017

Сабақ жоспары

Сынып: 8                                                                  

Күні:

Тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

 Мақсаты: Оқушыларға қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем  туралы түсінік беруді жалғастыру.

 Білімділік:  Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлем және оның жасалу жолы туралы түсінік беру.

Дамытушылық:  Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуға баулу.

Тәрбиелік:  туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке,

қонақ сүйгіштікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: аралас

Көрнекілігі: оқулық, тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақ барысы

I.Қызығушылықты ояту.

Үйымдастыру: Оқушылармен  амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың тақырыбын,

мақсатын айту.

Үй жұмысы: Жедел сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасап, үй жұмысын тексеру.

II. Мағыныны ажырату

Жаңа сабақ:

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – бағыныңқы

сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің, қимылдың, ойдың қалай орындалғанын білдіреді.

Құрамындағы жай сөйлемдері  бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та

байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейді.

Бағыныңқы сыңар

Бағыныңқы сыңар баяндауышының тұлғасы

Сұрағы

Басыңқы сыңар

Ауылдың бар назарын өзіне аударып,

 

-а, -е, -й және

-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден;

Қалай?

 сән-салтанатпен

ауылға келіп кірді.

Ол ештеңені естімегендей,

Есімше тұлғасына

-дай, -дей жалғанып, немесе күйі, қалпында тіркесіп;

Қайтіп?

өз ісін жалғастыра берді.

Болған жайға мән берместен,

Болымсыз етістікке шығыс септік жалғауы жалғанып

жасалады.

Қалай?

бұл емін-еркін жүр еді.

Сабақты бекіту:   оқулықпен

жұмыс:( түртіп алу стратегиясын қолдану)

320- жаттығу. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың керекті сыңарын өздерің құрастырып жазыңдар.

 

құмыраны түсіріп алды.

Сан түрлі ойға беріліп келе жатып,

 

Ешбір ашуланбастан,

 

 

гүл күтімі жайлы журналдар алдырды.

323-жаттығу

Мәтіннен қимыл-сын бағыныңқы сабақтастарды көшіріп жазыңдар.

III. Ой толғау.

Сабақты қорыту:

Біз бүгін не үйрендік, не туралы білдік. (ауызша)

Үйге тапсырма: 324-жаттығу. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты кірістіре отырып, сүйікті спорттық ойындарыңды сипаттап жазыңдар.

Бағалау: оқушылардың білімін бағалау. 

Күнделікке қою.                                                                                             

Просмотров: 1217

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст