Пән: География. Сынып: 9 «а,б». Күні: 24.02.2017. Бекітемін: | |
Сабақтың тақырыбы: |
Шығыс Қазақстан шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы. |
Сабақтың мақсаты: |
Аймақтың ЭГЖ және табиғат жағдайын, ресурстарын білу. Халқына қатысты мәліметтерді меңгеру, тақырыптағы жаңа атаусөздердің мағынасын ашу. |
Оқу нәтижесі: |
ЭГЖ және табиғат жағдайын, ресурстарын біледі. Халқына қатысты мәліметтерді меңгеріп, тақырыптағы жаңа атаусөздердің мағынасын ашады. |
Түйінді идеялар: |
Оқыту – бұл ерікті,дербес, күш салуды қажет ететін үдеріс. Бұл – ынтаны, шыдамдылық пен мұқияттылықты талап ететін өзіндік серпіні болуы мүмкін ескі, баяу, бірізді үдеріс.” |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: | |
мұғалім немен айналы-сады. |
oқушылар немен айналысады |
Сабақты ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеп, сергіте отырып, топқа бөлемін.
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты бекіту: |
1.Сергіту сәтін орындайды. Оқушыларды 1,2,3 деп саналып 3 топқа бөлінеді.1 бір топ,2 бір топ, 3 бір топ.3 топқа да 2 газеттен беріледі. 1 газет жерде төселіп топ үстіне тұрады,екінші газет қолдарында болады.Газеттен шығып кетпей екі газетті кезек-кезек ауыстырып үстіне өтіп межелен-ген жерге жету керек.Шығып кетсе қайтадан бастайды.Бұл ойын оқушыларды ұйымшыл-дыққа, тәртіпке бір-бірінқолдауға үйретеді.5 минут. Сабаққа көңілді, жағымды әсермен кіріседі. Сынып сол 3 топқа бөлінгені бойынша сабаққа кіріседі. Үй жұмысы Орталық Қазақстан қалалары деген тақырып болатын, сол бойынша 1-тапсырма: 1 топ Қарағанды қаласы. 2 топ Теміртау қаласы. 3 топ Балқаш және Жезқазған қаласы. Оқушылар топта талқылай, талдайды. 3 минут. 1-ші топ келісе отырып ортаға Қарағанды қаласының әкімін шығарады. Әкім ортадағы креслоға жайғасып халыққа есеп береді.Өзге 2 топ оқушылары Қарағанды қаласы бөлімінен сұрақтарды қарша жаудырады.Әкім барлық сұраққа жауап беруі тиіс.Келесі Теміртау әкімі,содан кейін Балқаш,Жезқазған әкімдері ортаға шығып есеп береді. Әр топтан 1 оқушы қала әкімінің орынбасары ретінде қиналған сұрақтарына жауап беруіне болады.12 минут. Жаңа сабақ: Тақырыптағы 3 бөлім 3 топқа бөліп беріледі. 3 топта өз бөлімдері бойынша топта оқып, талқылайды.Ортаға бір оқушыны шығарады,сол оқушы өз бөлімінде берілген мәліметті тақтаны, борды т.б. пайдаланып түсіндіреді. Осылай екінші топ 2 бөлімді, үшінші топ 3 бөлімді түсіндіреді. Ортада түсіндіріп жатқан оқушы оқушылардың дәптерге жаңа мәліметтерді жазуын да қадағалайды. Былайша айтқанда мұғалім образына енеді.5 минут оқып талқылауға, 5 минут 1-ші топтың түсіндіруіне, 5 минут 2-ші топтың түсіндіруіне, 5 минут 3-ші топтың түсіндіруіне. Жалпы 20 минут. Сабақты бекіту: тақырып соңындағы 9 тест тапсырмасын беремін. Интерактивті тақтаға ашып қоямын әр оқушы жеке орындайды. Тексеріп бағасын қоямын. 9-1=5; 9-2=4; 9-3=3. 5 минут. 1.Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы: а) Павлодар; ә) Риддер; б) Өскемен; в) Семей; г) Зырян. 2.Шығыс Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер: а)Ресей-Монғолия; ә)Ресей-Иран; б)Ресей-Қытай; в)Ресей-Қырғызстан; г)Ресей-Өзбекстан. 3.Шығыс Қазақстанмен шектеспейтін экономикалық аудан: а) Батыс; ә) Солтүстік; б) Оңтүстік; в) Орталық; г) барлығы. 4.Шығыс Қазақстанда қандай көмір кен орны шоғырланған: а) қаражыра; ә) богатырь; б) восточный; в) екібастұз; г) шұбаршөл. 5. Малеев, Риддер кен пайдалы қазбалары: а) мыс, алтын; ә) алтын, күміс; б) көмір, газ; в) титан, вольфрам; г) мырыш, қорғасын. 6. Тишин кен орнының пайдалы қазбасы: а) мырыш; ә) алтын; б) көмір; в) титан; г) мұнай. 7.Оңтүстік Алтай мен Қалба жоталарында қандай кен орындары орналасқан? а) алтын,мыс; ә) алтын,күміс; б) тас көмір,газ; в) қалайы, вольфрам; г) мұнай,газ. 8. Шығыс Қазақстандағы ең ірі су қоймасы: а) Қапшағай; ә) Бұқтырма; б) Шүлбі; в) Өскемен; г) Шардара. 9. Шығыс Қазақстанның урбандалу деңгейі: а) 50% ; ә) 55% ; б) 60% ; в) 59% ; г) 83% . Жауаптары: 1-б; 2-б; 3-а; 4-а; 5-г; 6-а; 7-в; 8-ә; 9-в. |
Дереккөздер және жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, слайдтар, карта, кесте. | |
Кейінгі оқу: |
44-45 тақырыпты мазмұндау. Тақырып соңындағы тапсырмаларды дәптерге орындау. |
Сабақты бағалау:
|
Үнемі оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бағалау міндетті емес. Сондықтан мен осы жолғы бағалауды оқушылардың белсенділігін қадағалай отырып, өз қолыма аламын. “Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс”. Екі жұлдыз,бір тілек; Кері байланыс. Оқушылардың сабақтан алған әсері. |