«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі 1-4 сыныптар

09.12.2020

1-4 сынып

Ережелер

 

1

Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, ғ, г, д, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у),ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

 

2

Түбір сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне байланысты қосымшаның бірыңғай жуан не жіңішке болып жалғануы буын үндестігі деп аталады.

 

3

Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп айтылуы дыбыс үндестігі деп аталады.

 

4

Тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек болады. Ондай сөздер омонимдер деп аталады: Ай (түнде жарық сәуле беріп тұратын планета). Ай (жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл).

 

5

Тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болады. Ондай сөздер антонимдер деп аталады: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, биік-аласа т.б. болады.

 

6

Сөз мағынасын өзгертетін қосымша жұрнақ деп аталады. Мысалы, күйші, биші, қалалық т.б.

 

7

Тілімізде бір түбірден жасалған сөздерде бар. Мысалы, біл, білім, білімді, білгір, білімпаз. Осындай бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

 

8

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау деп аталады. Мысалы, жапырақтар, көйлектер, ауылға.

 

9

 

 

 

 

Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: қырықбуын, Қаламқас, еңбеккүн.

 

10

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуы арқылы жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Мысалы: тау-тау, қолма-қол, тарс-тұрс, үп-үлкен. Қос сөздердің арасына дефис қойылады.

 

11

Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Мысалы: айғыз-айғыз, әлсін-әлсін, түрлі-түрлі.

 

12

Екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады. Мысалы: ертелі-кеш, ата-ана, бала-шаға, қысы-жазы.

 

13

Қос сөздер түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы да жасалады. Мысалы: үп-үлкен, оп-оңай, жап-жақын.

 

14

Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздердің тіркесінен құралады. Осындай күрделі атаулардың қысқартылып айтылуын қысқарған сөздер деп атайды.

 

15

Заттың атын білдіретін және кім? не? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы зат есім деп аталады.

 

16

Заттың сынын, түр-түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

 

17

Дара сын есім бір сөзден тұрады. Мысалы: қызыл, әдемі, сұйық, бозғылт, ақшыл.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: қызыл ала, қара сұр, ұзын бойлы. Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер де күрделі сын есімге жатады. Мысалы: қоп-қоңыр, тып-тыныш, үлкен-кіші, балалы-шағалы.

 

18

Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: үлкен, тар, жасыл, қою.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: денелі, жазғыш, сәнқой.

 

19

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейді. Сан есім қаншы? неше? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.

 

20

Бір ғана сөзден тұратын сан есім дара сан есім деп аталады. Мысалы: елу, алты, үшеу, жиырмасыншы, ондаған, мың.

Екі не одан да көп сөздерден тұратын сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Мысалы: тоқсан үш, екі жүз он бес, он мың сегіз, бір мың тоғыз жүз тоқсан бес, оннан бір.

 

21

Сан есім есептік және реттік болып бөлінеді. Қанша? неше? сұрағына жауап беріп, заттың нақтылы санын білдіретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз. Мысалы: бес, он екі, алпыс бес, тоғыз жүз он.

 

22

Нешінші? сұрағына жауап беріп, заттың саналу ретін білдіретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз. Мысалы: бір-інші, он-ыншы, алты-ыншы, жеті-інші.

 

23

Зат есім,сын есім,сан есім сөздердің орнына қолданылатын сөздерді есімдік дейді. Мысалы:мен,сен,ол,біз,сіз,өзі,бұл,сол,анау,мына,кім,не,қашан,бәрі,ешкім,ешбір,ешқашан,кейбір,әркім,әрқашан т.б.

 

24

Мен,біз,сен,сіз,ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше,көпше түрі бар.

 

25

Заттың қимылын,жай-күйін білдіретін сөздерді етістік деп аталатындығын оқулығыңнан оқып білдің. Мысалы: 1.Найзағай ойнады. 2.Ол орындықта отыр.3.Сен ағаштың түбін қопсытасың,мен су құямын.4.Күн суытты.

 

26

Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады.Мысалы:1.Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқу кітаптарын жазды.2.Мектеп іші оқушылардың күшімен әшекейленді.

 

27

Екі немесе одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.

 

28

Түбір сөзден болған етістік негізгі етістік деп аталады.Мысалы:айт,бас,жаз,кет,түс-негізгі етістіктер.

 

29

Түбір сөзге жүрнақ жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталады.Туынды етістіктер негізгі етістіктерге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалады.Мысалы:үтік-те,ой-ла,жет-кіз,тарт-тыр.

 

30

Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атайды.

 

31

Қимылдың орындалуын белгілі мезгілмен көрсететін етістіктің түрі етістіктің шағы деп аталады.Қимыл,іс-әрекеттің орындалу мерзіміне байланысты етістік үш шаққа бөлінеді.

1.Осы шақ.

2.Келер шақ.

3.Өткен шақ.

 

32

Осы шақ етістіктер сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді.Мысалы:күліп отыр,тоқтап тұр.

 

33

Келер шақ қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен,мезгілден кейін болатының білдіреді.Мысалы:барады,келеді,билейді,көтереді.

 

34

Тіліміздегі қимылдың,іс-әрекеттің мекенің,мезгілін,амалын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.

 

35

Қимылдың,іс-әрекеттің мезгілін білдіретін сөздерді мезгіл үстеуі деп атайды.Мезгіл үстеуі қашан?деген сұраққа жауап береді.Мысалы:ертең келеді,күні бойы күтті,түнде шықты.

 

36

Іс-әрекеттің болу орнын,бағытын білдіріп,қайда?қайдан?деген сұрақтарға жауап беретін үстеулерді мекен үстеулері деп атайды.Мысалы:төмен түсті,тысқа шықты,әрі-бері жүрді.

 

37

Іс-әрекеттің амалын,тәсілін,бейнесін білдіретін үстеуді сын-қимыл үстеуі деп атайды.Ол қалай?деген сұраққа жауап береді.Мысалы:ақырын жүрді,әрең көрінді,балаша күлді.

 

38

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөзді одағай деп атайды.

 

39

Бірдеңенің жайын хабарлап мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте(.) қойылады. Мысалы: Кеше көркемөнерпаздар жарысы басталды.

 

40

Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі (?) қойылады. Мысалы: Сен Астанада болдын ба?

 

41

Ал қуану, ренжу, таңдану секілді көңіл-күйді білдіріп, ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлемді лепті сөйлем деп атаймыз. Мұндай сөйлем соңына ле белгісі (!) қойылады. Мысалы: Біз бүгін жеңіске жеттік!

 

42

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне бастауыш пен баяндауыш жатады. Олар сөйлемнің басты мүшелері болып есептеледі.

 

43

Бастауыштың іс, қимылын білдіретін сөйлем мүшесі баяндауыш деп аталады және не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

 

44

Сөйлемнің бастауыш, баяндауыштан басқа мүшелері тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Оларға кімнің? ненің? кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? қайда? кімнен? неден? қайдан? кіммен? немен? секілді сұрақтар қойылады.

 

45

Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады: Отырар қаласында ойшылдар, ғалымдар дүниеге келді.

 

46

Үш сөйлем де бастауыш пен баяндауыштан құралған. Осындай тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

 

47

Тұрлаулы мүшелерімен қатар тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемдер жайылма сөйлем деп аталады.

 

48

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Жолда түсіп қалған нанды көрсең, адам баспайтын жерге алып қой.

 

49

Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Бәлкім, бұл жұмысты ертенге қалдыратын шығар.

 

50

Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Мысалы: Дина, кітабыңды берші.

 

51

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.

 

52

Оқиға жүйелі, тізбектеліп әңгімеленетін мәтін баяндау мәтіні деп аталады.

 

53

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.

 

54

Екі  кісінің бір-бірімен тікелей сөйлескен сөзі диалог деп аталады.

Диалогта әрбір кісінің сөзінің алдынан сызықша қойылады және абзацтан басталып жазылады. Мысалы:

  -Дана, сен кітап дүкеніне барасын ба?

  -Иә, барамын.

  -Қандай кітап алмақсың?

  -«Әлем кереметтері» деген кітапты сатып аламын.

  -Ал мен М.Әуезовтың «Көксерек» атты кітабын аламын. 

 

 

Просмотров: 1187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст