«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жаңа жолдауын жолдады.

12.01.2022
Ел президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстан халқына жаңа жолдауын жолдады.Жолдауды бастамас бұрын үкіметке жаңа пример -министр Әлихан Смайловты тағайындады. Жаңа примьер - министрден елдің ертеңі үшін жасылынатын игі істерді күтеміз, орындалады деп сенеміз.Жолдау жайлы жалпы айта кетсек, жаңа жолдаудың бағыты халыққа жақын мәселелер жайлы тарқата айтылды. Ең басты мәселе елдің амандығы мен қауіпсіздігі. Президент мырза бұл жайлы айқын айтып өтті, жастардың әскерге барып отандық борышын өтеуден қашпауын және жастарды әскер қатарына көптеп тарту, қызығушылықтарын ояту жөнінде ұсыныстар қажет екендігін айтты. Қазақстан халқының тағы бір мәселе банктерге қарызының көптігі. Президент жеке тұлғалардың несие қарыздарының тым шектен шықпауын, банк қызметінің жүйесін, бұл іске қатысты барлық себептерді анықтауды тапсырды.Тағы айта кететін мәселе өңірлердің әр түрлі дәрежеде дамуы, ауыл шаруашылық саласында ( жем, шөп, жайлым) қуаңшылықтың алдын алуын айтты. Елдегі күрделі ахуал жанармай (газ, бензин) бағасының көтерілмеуін, тұрақтылықтың сақталуын қаматамасыз етсін делінді. Бұл мәселелер ел үшін маңызды күнделікті тұрмыс-тіршілік көзі. Президент гуманитарлық бағытта жетістіктерміз көп ендігі сонымен қоса білім саласында заман талабына сай мамандар даярлау керектігін ол үшін ұстаздың орыны ерекше екенін тайға таңба басқандай етіп айтты. Президент жолдауы қазақстан халқы мен ел экономикасын дамытуға зор үлес қосады деп сенеміз. Қазір қиын-қыстау кезеңде ел іргесін сөкпейік, бірлікте болайық, күшіміз бірлікте ағайын!
Тарих пәнінің мұғалімі Серік Нұртуған.
 
Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст